Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Нұр-Мүбәрак Ислам мәдениеті университетінде өткен дәрістен түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бейнежазбада имам «педофилдердің болуы – Алланың барына дәлел» деген пікір айтқан.
«Педофилдің болуы — Алланың барына дәлел емес пе? Егер Алла болмаса, адамның қалауы орындалады ғой. Демек, жамандықтың да, жақсылықтың да бар болуы – сынақтың белгісі», — деген имамның сөзі желіде тез тарап кетті.
Алайда бұл пікір қоғамда үлкен наразылық туғызды. Көптеген қолданушылар имамның айтқанын діннің мәнін бұрмалау деп бағалап, оның жауапқа тартылуын талап етті.
Желіде пікір қалдырғандар имамның сөзін жәбірленушілерге қорлау деп қабылдап, діни оқу орнынан түсініктеме сұрап жатыр.
Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме немесе университеттің ұстанымы жарияланған жоқ.



