ҚР азаматтығын алу

ҚР азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері

«Азаматық туралы» Заңның 17 бабында келтірілген. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш білдірген адам: адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса; Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса; ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса; ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса; террористтік және экстермисттік ұйымдарға кірген немесе террористік әрекеті ү шін сотталған болса; халықаралық іздеуде болса, соттың күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның әрекетін ерекше қауіпті баукеспелік деп таныса; басқа мемлекеттiң азаматы болса, бұл ереже Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген, жақын туыстарының біреуі - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтарына таралады, егер олар шетел азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен жүгінсе; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш білдірген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаса; Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде қасақана қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңмасымен солай деп танылған, соттылығы алынбаған немесе өтелмеген болса; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса; Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21 бабының 1), 2) және 5) тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса; осы Заңның 21 бабының бірінші бөлігі 8) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса; осы Заңның 20-1 бабы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close