Желіде әуесқой әнші әрі блогер Мұрат Әбділдә Шымкенттегі түрме мекемесінде өнер көрсеткен видеосы тарады, деп жазды qandastar.kz
Ақпаратқа сәйкес, блогер қазіргі уақытта Шымкенттегі №54 мекемеде жазасын өтеуде. Онда шағын концерт ұйымдастырылып, Мұрат сахнаға шығып ән шырқап, қатысушылармен амандасты.
– Ассалаумағалейкүм, құрметті бауырлар. Бүгін №54 мекемеде мерекелік іс-шара өтті. Алдағы уақытта мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрсын, бәріміз аман болайық, – деді ол видео барысында.



