ӘдебиетЖаңалықтарҚандастарға қолдау

«Ұлы дала» жобасы: Шетелдегі қазақ қаламгерлерінің шығармалары елге оралмақ

Биыл «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Ұлы дала» халықаралық әдеби жобасына шетелде тұратын қазақ қаламгерлерінен барлығы 25 шығарма ұсынылды, деп жазады qandastar.kz

Комиссияның қорытынды шешімі бойынша, олардың ішінен әдеби және ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары 9 еңбек баспаға жіберілетін болды. Кітаптардың тұсаукесері 2025 жылдың қарашасында өтпек.

Жеңімпаздар қатарында Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей елдерінде тұратын қандас жазушылардың еңбектері бар. Олардың арасында:

  • Сәли Садуақасұлы – «Отынбай мен Шекпенқыз» (Қытай)
  • Шаймұрат Қамзаұлы – «Қыпшақ хикаялары» (Қытай)
  • Костер Тұмысханұлы – «Бала шағым – болашағым» (Моңғолия)
  • Съезханұлы Серікбол – «Құрылыс – ұжымдық іс» (Моңғолия)
  • Тойлыбай Құрмандолдаұлы – «Ару Алтай – Ана Алтай» (Моңғолия)
  • Мусаева Замира – «Мөлдір болсын жүректер» (Өзбекстан)
  • Наурызбай Жарбосынұлы, Баршын Мырзабекқызы, Мейрамбек Әбдіқалиев – «Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдері» (Өзбекстан)
  • Қалдыбек Сейданов – «Абай және Орта Азия әдебиеті» (Өзбекстан)
  • Айгүл Тажмуратова – «Очерки истории и культуры Оренбургского края» (Ресей)

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл еңбектер шетелдегі қазақ қаламгерлерінің әдеби мұрасын, мәдениеті мен дүниетанымын кеңінен насихаттап, олардың шығармаларын ғылыми айналымға енгізуге жол ашады.

«Ұлы дала» жобасы — отандас жазушылардың еңбегін ел ішінде танытуға, ұлттық әдебиеттің дамуына және тарихи-мәдени сабақтастықты сақтауға бағытталған бастама. Бұған дейін жоба аясында 2023 жылы 10, ал 2024 жылы 9 кітап жарық көрген болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button