Жаңалықтар

«Ата-анам қайтыс болды» деп әріптестерінен ақша жинаған астаналық қамалды

Астана тұрғыны әріптестеріне әкесі мен анасы «қайтыс болды» деп жалған айтып, жерлеу шығындарына ақша жинаған, деп жазады qandastar.kz.

Алдымен ол әкесі қайтыс болды деп, жұмыстан сұранған. Оны естіген әріптестері материалдық көмек көрсеткен. Жігіт бір аптадан кейін анасының да «қайтыс болғанын» айтып, тағы да ақша жинауға әрекет жасаған. Күдіктенген әріптестері жан-жақты зерттеп, көп ұзамай орынсыз әрекетін әшкерелеген.

Нәтижесінде полицияға арыз түсіріп, «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button