Жаңалықтар

АЭС-тен шығатын қалдықтар Семейге көміледі

Қазақстанда салынып жатқан атом электр станциясынан шығатын радиоактивті қалдықтар Семей маңындағы арнайы орынға көмілетін болды. Бұл ақпаратты qandastar.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сүйеніп хабарлайды.

Жауапты ведомство радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған полигон орнын анықтап қойған.

Мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстандағы ластанған аймақтың жалпы аумағы шамамен 18 мың шаршы метрді құрайды. Қалдықтар жер астына көмілмес бұрын арнайы қоймаларда уақытша сақталып, қауіптілігі төмендетіледі.

Сарапшылар осындай технологиялық әдістердің қоршаған ортаға зиян келмеуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, станция реакторлары бір жылда 50 текше метрге дейін радиоактивті қалдық шығаруы мүмкін деген болжам бар.

«Алдымен қалдықтар арнайы су бассейндерінде сақталады. Осы кезеңде олардың температурасы мен радиоактивтілігі төмендейді. Қауіптілігі азайғаннан кейін болат немесе бетон контейнерлерге салынып, уақытша немесе ұзақ мерзімді құрғақ қоймаларға жіберіледі», – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің департамент директоры Ғани Мәди.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button