Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тұрғындары елдімекенде полиция қызметкерлерінің көбейгенін байқаған. Айтуларынша, құқық қорғау органдары марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңында жүрген, деп жазады qandastar.kz
Инстаграм желісіндегі egovpress парақшасы инсайдерінің мәліметінше, сол аумақта қылмыс жасалды деген болжам бар.
Оқиғаға байланысты Алматы облыстық ПД-ның баспасөз қызметі әлі ресми түсініктеме берген жоқ.



