Қарағанды облысының тұрғыны өңірдің денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерге қатысты ашық шағым түсіріп, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қабылдауында болғанын айтты, деп жазады qandastar.kz.
Оның сөзінше, кездесуден еш нәтиже шықпаған, ал медициналық мекемелердегі проблемалар назардан тыс қалып отыр.
Әйелдің айтуынша, ол өңірдегі бірқатар ауруханалардың жұмысында елеулі заңбұзушылықтарға тап болған.
«Қарағанды облысының ауруханаларында сұмдық, өте үлкен тәртіпсіздік пен бассыздық болып жатыр. Менің басымнан да сұмдық жағдай өтті№ Бірақ оларға бәрібір», — дейді ол.
Сонымен қатар, тұрғын вице-министрдің қабылдауы тек формальды түрде өткенін мәлімдеді:
«Қабылдауда болғанда, олардың бәрі телефонға үңіліп, күліп отырды. Оларға болып жатқан жағдайдың еш қатысы жоқ. Олар үшін бұл өмір мен өлім мәселесі емес, тек Қарағанды обылысын құрдымға кетіру ғана».
Оның айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты жолданған шағымын сол басқармадағы қарапайым маман қараған, бұл оның пікірінше, объективтілікті жоққа шығарады.
Сондай-ақ Қарағанды облысының тұрғыны денсаулық сақтау министрі Жанна Алтыназарованың отставкасын талап етіп, өз жағдайында «адамның өміріне қауіп төнгенін», алайда кінәлілердің ешқандай жауапкершілікке тартылмағанын айтты.
@chelovekiizakon #министрздравоохранения#мажилис#президент#аккорда @Б.БАЗАРБЕК @BES.media – Новости Казахстана @ULYSMEDIA @Bazarbek-Parlament @Касым-Жомарт Кемелулы Токаев @NUR.KZ ♬ оригинальный звук — ЧЕЛОВЕК И ЗАКОН



