Танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов әлеуметтік желіні тағы да шулатты, деп жазады qandastar.kz.
Әдеттегідей тікелей эфирге шығып, жанкүйерлерімен сөйлесетін ол, бұл жолы Ресей президентін — Владимир Путинді қолдауының себебін түсіндірді.
Хамитовтың айтуынша, Путин — өз ойын айқын жеткізе білетін, мықты саясаткер.
«Бүкіл Америка мен Еуропаның жетекшілері Путинмен кездесіп, не істейміз, болашақта әлемде не болады деп сұрайды. Елдердің бәрі онымен санасады. Тіпті Трамп та Путинмен ақылдасады», – деді спортшы.
Дегенмен, пікірлерде Хамитовты қатты сынап, ауыр сөз жазғандар көп болды. Мысалы:
«Путиннің күшігі»
«Сенің саясаттан хабарың жоқ, судың қанша градусқа қататынын білмейтін адам»
«Қуат Орыскұл Хамитов!»
«Қазақ тілінде неше септік бар екенін білмейтін адам ақыл айтып отыр»
«Деңгейің жетпейді ғой, ақымақ!»
«Әрине, Қуат, өйткені сен орыс ММА промоушенінде ақша табасың және сол жақта жүресің, уақытша, кейін бәрі көрінер»
«Бастан көп соққы алған адамдардан ештеңе күтпесең дұрыс».
@temirlankabulov97 Куат Хамитов объяснил почему симпатизирует президенту России. #КуатХамитов #Хамитов #Путин #ВладимирПутин #Казахстан ♬ оригинальный звук — Темирлан Кабулов 🇰🇿



