
Ресейдің Новороссийск қаласында дрондар жасаған шабуылдан «Шесхарис» аудару кешеніндегі мұнай қоймаларының бірі зақымданды. Бұл нысан арқылы қазақстандық мұнай экспортталады, деп жазады qandastar.kz
«Шесхарис» инфрақұрылымы жыл сайын Қазақстаннан 6 миллион тоннадан астам мұнай қабылдайды. Жеткізу Атырау – Самара – Новороссийск мұнай құбыры арқылы және Махачкала бағытымен жүзеге асады. Махачкалаға дейін мұнай танкерлермен және теміржол цистерналарымен жеткізіледі.



