Threads әлеуметтік желісінде бір қыз Коранның мұқабасын кемпірқосақ түстерімен безендірілген түрде көрсеткен жазбасын жариялап, жұрт назарын аударды. Ол пікір арасында өзін мұсылман әрі ЛГБТ қауымдастығына жататын адам ретінде таныстырған, деп хабарлайды QANDASTAR.
«Махаббатқа еш жерде тыйым салынбаған. Сүйіңдер!», — дейді жазба авторы.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталасқа себеп болды. Кейбіреулер оның жеке таңдауын және өзіндік болмысын құрметтеп, қолдау білдірсе, өзгелері мұндай көзқарасты діни құндылықтармен үйлестіру күрделі екенін алға тартты.
Оқиға заманауи қоғамдағы жеке сенім, өзіндік идентификация және әлеуметтік ашықтық мәселелерін қайта күн тәртібіне шығарды.



