ЖаңалықтарСпорт

“Ғайбат сөйлейді”: Самат Смақов қызметінен кетті

Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы бас бапкер Самат Смақовпен келісімшарттың тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz

1978 жылы туған Самат Смақов 1997–2017 жылдар аралығында Қазақстан, Ресей және Түркия командаларында кәсіби деңгейде доп тепкен.

2018 жылдан бастап жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп келеді. Ал өткен жылдан бері «Жетісу» командасын басқарған еді.

Биыл V турдағы «Ордабасы» – «Жетісу» матчы кезінде ол бас төрешіге ғайбат сөз айтқаны үшін көпшілік назарына ілікті. Осы оқиғаға байланысты Смақов төрт ойынға жарыстан шеттетілген болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button