Алматы әуежайында телефон ұрлаған авиакомпанияның жүк бөлімінің қызметкері сотталды, деп жазады qandastar.kz.
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, жүк қызметінде жұмыс істеген 27 жастағы азамат 2025 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Стамбулдан келген жалпы құны 7,6 миллион теңге болатын 33 смартфонды ұрлаған.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады ведомство.



