ЖаңалықтарШоу бизнес

Медеу Арынбаев Қайратқа емделу керектігін айтты

Әнші Медеу Арынбаев танымал өнер иесі Қайрат Нұртастың қазіргі шығармашылық белсенділігі мен дауыс жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz

Өнер майталманының айтуынша, Қайрат Нұртас соңғы жылдары тоқтаусыз гастроль мен той-думандарда өнер көрсетіп, үлкен күш түсіріп жүр. Сондықтан да оған ең әуелі тынығып, дауысын дұрыс қалпына келтіру аса маңызды.

«Қайраттың демалысы жоқтың қасы. Ол ән айта алмаса, халық оны осылай құрметтемес еді. Халықтың таңдауы әрдайым дәл. Оның ырғақты сезінуі мықты, өзіндік интонациясы бар. Дауысының қобызға ұқсас қызылы – жұртқа жақын қасиет. Бірақ қазір ол фониатр маманына қаралып, дауысын емдеуі керек. Бұл – ұзақ еңбекті талап ететін процесс. Біз айына немесе аптасына бір рет қана сахнаға шықсақ, ол күн құрғатпай жол үстінде, тойларда жүр. Мұндай қарқын кез келген дауысқа ауыр», – деді Арынбаев.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button