
Ресей президенті Путиннің айтуынша, Қазақстанда орыс тілі еркін әрі кең ауқымда қолданылып келеді, деп жазады qandastar.kz
«Қазақстанда орыс тілінің кеңінен және еркін пайдаланылатыны үшін президент Тоқаевқа ризашылығымды білдіремін», – деді Ресей басшысы.
Ол сондай-ақ Қазақстан Конституциясы орыс тіліне ресми мәртебе беретінін, ал мемлекет басшылығы оның қоғамдық өмірдің түрлі салаларында қолданылуына жағдай жасап отырғанын атап өтті.
Путиннің сөзінше, Ресей үкіметінің қолдауымен алдағы уақытта Қазақстанның оңтүстігінде – Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс тілінде оқытатын мектеп ашу жоспарлануда.



