Қазақстандық дәрігер балаларға арналған қызу түсіргіштердің қауіпті салдарын ескертті, деп хабарлайды QANDASTAR сайты «NewTimes.kz» порталына сілтеме жасап.
Астанада өткен брифингте дәрігер қазіргі маусымдағы ЖРВИ вирусының ерекшеліктері мен балаларда байқалатын асқынулар туралы айтты.
«Биылғы вирус тұрақты қызбамен және жоғары температурамен сипатталады. Температура 2–3 күн бойы түспей тұрады және қызу түсіргіштерге нашар әсер етеді. Осыған байланысты кішкентай балаларда жоғары температура салдарынан құрысу байқалуы мүмкін. Сондай-ақ тыныс жетіспеушілігі, ларингит белгілері жиі кездесіп жатыр», – деді Астана қаласы әкімдігінің «№3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК медицина бөлімі бойынша директордың орынбасары Роза Үтегенова.
Оның айтуынша, ата-аналардың қызу түсіргіштерді бақылаусыз қолдануы жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін.
«Жару түсіргіштерді өте сақ беру керек. Парацетамолдың шамадан тыс мөлшері бауырды зақымдауы мүмкін. Бізге асқазаннан қан кету, мұрыннан қан кету және қан ұюының бұзылуы байқалған балалар түсіп жатыр. Биылғы маусымдағы тұмауда асқазан-ішек жолдарының зақымдануы, іштің ауыруы жиілеген», – деді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін Астана мен Алматыда балалар арасында белгісіз вирус жылдам таралып жатқаны хабарланған. Дәрігерлер пневмония белгілері бар жас пациенттердің көбейгенін айтады. Ал желі қолданушылары елордадағы дәріханаларда вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы сезіліп жатқанын жазуда.



