Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа айнымайтын бір азаматтың видеосы жарияланды, деп жазады qandastar.kz.
Оның атақты әншіге қатты ұқсайтын көрінісін байқап, желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады.
Видео авторы өзі де танымал әншіге ұқсайтынын білетін сыңайлы, себебі ол бейнежазбаға Қайрат Нұртастың ән айтқан видеосын қоса жариялаған.
Пікір қалдырған желі қолданушылары:
«Ауылдарға шыға берсең, брат, Қайратпын деп білінбейді»
«Қайраттың туған бауырлары бұлай ұқсамайды ғой»
«Ойбай, Копия ғой Қайраттың»
«Сәл ақша салсаң, Қайраттың өзі болайын деп тұр ғой»
«Ақшасы аз Қайрат Нұртас»
«Не деген ұқсастық, Қайратпен кездесуіңді күтейік»,- десті.
@turandos #kair #kn #torgai #Kazakhstan #turan ♬ О Махаббат — Kairat Nurtas



