Басты жаңалықтар

ЗКО-да болған жантүршігерлік апаттан сегіз адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында болған жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды QANDASTAR сайты «NewTimes» порталына сілтеме жасап.

«Мой ГОРОД» Telegram-арнасының хабарлауынша,  оқиға 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын бағытындағы облыстық маңызы бар трассаның 50-шақырымында болған. Полиция мәліметінше, Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері лоб в лоб соқтығысып, соның салдарынан бір көлік өртеніп кеткен.

Жол апатының салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу негізгі нұсқа ретінде жүргізушілердің бірінің қарсы жолаққа шығып кетуін қарастырып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button