Жаңалықтар

Желтоқсан айында қанша күн демалыс болады?

Желтоқсан – қыстың алғашқы айы және еліміз Тәуелсіздік күнін тойлайды. Биыл 16 желтоқсан сейсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар желтоқсан айында барлығы тоғыз күн демалады, деп жазады qandastar.kz

Жаңа 2026 жыл бейсенбі күні басталады. Сол себепті азаматтар төрт күн демалып, жұмысқа 5 қаңтарда, дүйсенбі күні шығады.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға 7 қаңтар – Рождество мерекесіне орай қосымша демалыс беріледі. Бұл күн 2026 жылы сәрсенбіге келеді. Осылайша, 2025 жылдың 29 желтоқсанынан 2026 жылдың 11 қаңарына дейінгі екі апта ішінде отандастарымыз жеті күн демалып, жеті күн жұмыс істейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button