Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова өзінің үйінен кешкі көріністі көрсетті, деп жазады qandastar.kz.
Видеоны продюсер көліктен түсірген, ал оның үлкен ауласында жаңа жылға дайындық ретінде жалтырған шырақтар жанып тұр.
«Балаларым кішкентай болғандықтан, есік алды осындай шыршалармен безендірдік. Қараңыздар, қандай әдемі!» – деді ол.
Желі қолданушылары әр қазақ қызына осындай үй бұйырсын деп тілектерін білдірді.
«Әр қазақ қызына Тұрсын Алагөзов сияқты жігіт бұйырсын!»,
«Мен ойладым, бұл президенттік саябақ!»,
«Роллс Ройс базар жоқ, әр қазағымыз осылай байысын!»,
«Маған да осындай үй нәсіп етсін!»,
«Бізге де осындай үй бұйырсын!»,
«Қазақстанда бай болу қызық емес, Америка мен Еуропадағыдай атмосфера жоқ. Тек 2–3 адам ғана бай, қалғаны кредитте!», — деп жазды желі қолданушылары.
@alaguzova_bayan_



