Кенже ұлынан сүйген немересі Әміреге домбырамен ән шырқап берген Нұртас Айдарбековтің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті, деп жазады qandastar.kz.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы екеуі ең кіші немерелерін қалай еркелетіп, бағып жүргендері туралы жүрекжарды видеоларымен көпшілікпен бөлісуде.
Бейнежазбаға Қайрат Нұртастың әкесі былай деп жазба қалдырған:
«Апасы көтеріп, атасы қасында жүріп, ән айтып, Әміре немеремізді өсіріп жатырмыз. Ән тыңдағанды ерекше жақсы көреді…».
Видео желіде тарағаннан кейін қолданушылар жылы пікірлерін жаудырды.
«Нұртас аға мен Гүлзира ханым – керемет адамдар», «Атасы мен әжесі қандай мейірімді», «Келіндерінің бағы бар екен», «Атасы нағыз жақсы кісі» деген сынды пікірлер көптеп жазылды.
Сонымен қатар оқырмандар арасында алаңдаушылық тудырған сауал да болды. Олар Қайраттың жуырда ғана дүниеге келген кенже қызына бармағандарына таңданыс білдірді.
«Рабия Сұлтанға неге бармайсыздар?», «Оны да қолыңызға алсаңыздаршы?» деген пікірлер де аз болмай шықты.



