Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таразда мүмкіндігі шектеулі жігіттің тойы жүректі жылытты

Тараз қаласында әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған әсерлі той өтті, деп жазады qandastar.kz

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, жігіт оқыс жағдайдан кейін жүру қабілетінен айырылған. Алайда ол өмірге деген құлшынысын, жігері мен қайратын жоғалтпаған. Дәл осы қасиеттер, жақындарының айтуынша, қыздың жүрегін жаулаған.

Желіде жарияланған той туралы хабарлама көпшіліктің қолдауына ие болды. Пайдаланушылар жас жұбайларды құттықтап, олардың шынайы махаббатын мысал етіп көрсетті. Сондай-ақ мұндай оқиғалар қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты стигмаларды бұзуға көмектесетінін атап өтті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button