Шоу бизнес

«Ұя бұзғаны дұрыс деген заман-ай»: Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірген ақсақал жұрттың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың Шымкенттегі жеке концертінен кейін оған қолдау сөздерін айтып, бата берген ақсақалдың видеосы желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп жазады qandastar.kz.

Видеода концерт соңында жасы егде тартқан ер адам сахнаға шығып, Қабатовқа ешқашан еңсесін түсірмеуді, көңілін түсірмеуді сұрап, ақ батасын бергені көрсетілген. 72 жастағы қария оның жұмысына табыс тілеп, Жаратқан жолын ашық қылсын деп тілек айтқан.

 «Мөлдірді қыз-келіншектер қолдап жатса, Тұрсынбекке ерлер қауымы қатты поддержка берді», – деп жазған видео авторы.

Аталған көрініске қатысты пікір қалдырған желі қолданушылары ақсақалдың әрекетін сынға алып, түрлі пікірлер қалдырды:

«Қазіргі аталар да алжыған екен».

«Бес баланың көз жасы жаумаса, Алланың нұры жаумайды-ау».

«Ойнасты дұрыс адамдар қолдамайды».

«Мөлдір тастап кеткендей айтты ғой».

«Ұясын бұзғаны дұрыс деген заман-ай…».

 

 

@akerke__abdulla Бүгін болған концерттен. #қабатов #концерт#хочуврек #тикток #мөлдірмұқанова ♬ оригинальный звук — Ақерке Абдулла

Ұқсас Мақалалар

Back to top button