Шоу бизнес

«Түк қажеті жоқ»: Мөлдір Мұқан ажырасу туралы фильм түсірмекші

Продюсер Мөлдір Мұқан жаңа кинотуындының түсірілімін бастауға дайын екенін айтты, деп жазады qandastar.kz.

Ол жақында ғана өзінің продюсерлігімен шыққан фильмнің жабық көрсетілімін өткізген. Ендігі жоспары — ажырасу туралы фильм түсіру.

«Залға кіруге қатты қорқып, тығылып отырдым. Өйткені бұл алғашқы кино болғандықтан кемшіліктер болуы мүмкін. Тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Осы жолы жай шет жағасын жеңіл-желпі көрсеттік. Енді келесіде  қоғамдағы өте өткір тақырыпты алатын боламыз. Сценарий жазылып жатыр. Негізі елімізде соңғы уақыттағы статистикаға қарасақ, ажырасу көбейген. Осы тақырыпта кино түсіргім келеді. Сол кино арқылы ажырасудың саны азайса, кем дегенде бір 10% отбасына әсер ететін болсақ, соның өзі үлкен жетістік деп ойлаймын», — дейді Мөлдір Мұқанова журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.

Алайда желі қолданушылары Мөлдір Мұқанның бұл идеясын құптамай, кері пікірлерін жазды.

«Ақшасы бар адам ән айтады, ақшасы бар адам кино түсіреді. Киелі сахнаның сәні кетті ғой»,

«Көрінген кино түсіретін заман болды»,

«Осыларға кино түсіру ойыншық болып қалған сияқты»,

«Ондай фильмдердің түкке қажеті жоқ»,

«Мөлдірдің көзі жанып тұрушы еді, енді мұңды болып жүр».

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button