Жаңалықтар

Депутат әйелдердің 6 сағат ғана жұмыс істеу керегін айтты

Қазақстанда әйелдердің жұмыс уақытын қысқарту мәселесі қайтадан талқыланды, деп жазады qandastar.kz

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбденнің айтуынша, бұл бастама отбасы институтын қолдау және әйелдердің тұрмыстық әрі тәрбиелік жүктемесін ескеру мақсатында ұсынылды.

Депутат қазіргі таңда көптеген әйелдер жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүріп, үлкен ауыртпалыққа тап болатынын атап өтті. Оның пікірінше, жұмыс күнін қысқарту әйелдерге отбасыға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Әбденнің айтуынша, егер ерлердің жұмыс уақыты 8 сағат болып қала берсе, әйелдер үшін 6 сағаттық жұмыс күнін енгізу қоғамға да, мемлекетке де тиімді болуы мүмкін. Бұл балалар тәрбиесіне, отбасының берекесіне және бірқатар әлеуметтік мәселелердің азаюына оң ықпал етеді деп есептейді.

Депутат бұл тақырыпты El-Women жобасына берген сұхбатында қайта көтерді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button