Жаңалықтар

Арнайы операция: Өскемендегі колониядан сотталушылар қашпақ болды

Өскемендегі колонияда төтенше жағдай тіркелді. Аймақтық қолбасшылық таратқан ақпаратқа сәйкес, белгісіз адамдар мекеме қоршауынан тыйым салынған заттары бар 9 ораманы ішке лақтырған. Оның жетеуі  тұратын аймаққа, біреуі  техникалық жолға түскен, тағы бірі қоршауға ілініп қалған, деп жазады qandastar.kz

Ведомство мәліметінше, төрт сотталушы қоршауға ілінген тыйым салынған затты алу үшін айла жасап, ішкі тыйым салынған аймаққа заңсыз кірген.

Посттағы әскери қызметші дереу мұны тоқтатуға бұйрық берген, қарауыл бастығына хабарлап, ескертуді қайта қайталаған.

Алайда ескертулерге қарамастан, сотталушылардың бірі негізгі қоршауға өрмелеуге әрекеттенген. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен қарауыл аспанға ескерту оғын атқан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button