ЖаңалықтарШоу бизнес

«Ажырасу туралы фильм түсіремін»: Мөлдір Мұқанова екінші фильмін түсірмек

Продюсер Мөлдір Мұқанова екінші толықметражды фильмін түсіруге кіріскенін хабарлады. Кеше ғана ол өз продюсерлігімен түсірілген алғашқы картинасын жабық көрсетілімін көрерменге ұсынды. Фильм ертеңнен бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі, деп хабарлайды qandastar.kz

«Залға кіруге қатты қорқып, тығылып отырдым. Алғашқы фильм болғандықтан, кемшіліктер болуы мүмкін. Бірақ үлкен тәжірибе жинап алдық. Келесі киноға идея көп. Жабық көрсетілімде оның тек бір шетін ғана көрсеткендей болдық. Енді қоғамдағы өте өткір тақырыпты көтермекпіз. Сценарий жазылып жатыр», – деді Мұқанова журналист Ирина Тенге берген сұхбатында.

Продюсердің айтуынша, жаңа туынды елде соңғы жылдары жиілеген ажырасу мәселесіне арналмақ.

«Статистикаға қарасақ, ажырасу көбейген. Осы тақырыпта фильм түсіргім келеді. Егер сол арқылы ажырасу санын азайтып, кем дегенде 10 пайыз отбасының сақталуына ықпал ете алсақ, бұл – үлкен жетістік», – деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button