Жаңалықтар

Қостанайда «Дала Қырандары» ұйымының қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін Қостанай қаласында қозғалыстың жергілікті бөлімшесі үшін ерекше күн болды: ұйымға жаңадан қосылған қатысушыларға салтанатты түрде төсбелгілер табысталып, олар ресми түрде «Дала Қырандары» мүшесі атанды, деп жазады qandastar.kz
Бұл рәсім – үміткерлердің дайындық кезеңін сәтті аяқтап, ұйым құндылықтарын қабылдағанын және қыран атағына лайық екендерін көрсететін маңызды қадамдардың бірі.
Төсбелгі — олардың еңбегін, жауапкершілігін және қоғамға қызмет етуге деген шынайы ниетін білдіретін рәміз.
Ұйым өкілдері жаңа қырандар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, әділдік пен бірлік идеалдарын нығайтуға дайын екендігін айрықша атап өтті.

«Дала Қырандары — қайсар мінезді, мақсаткер жастардың таңдауы», — деді ұйымдастырушылар.

Осылайша, Қостанайдағы қырандар қатары тағы да толығып, елге қызмет етуді мұрат еткен ұйым одан әрі әлеуеті арта түсті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button