ДенсаулықЖаңалықтар

Астанада тұмау өршіп, мектептер мен емханаларда арнайы шаралар қабылданды — бас санитар

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуіне байланысты санитариялық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп жазады qandastar.kz

Соңғы аптада қалада 23 мыңға жуық ЖРВИ жағдайы тіркеліп, өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есе көбейген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60%-ға жетті, ал мектеп оқушыларының 25%-ы науқас болды. Зертханалық сынамалардан тұмау вирусы A(H3N2) анықталды, COVID-19 жағдайлары аз болды.

Қаулыға сәйкес:

  • Үйге шақыртуларды қамтамасыз ету, қосымша кабинеттер мен маска режимін ұйымдастыру;
  • Пациенттердің емханада болу уақытын шектеу, қажет жағдайда оларды оқшаулау;
  • Медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын ұзарту, онлайн консультация жүргізу;
  • Қалада бұқаралық іс-шараларды тоқтату;
  • Мектептер мен сыныптарды қашықтан оқытуға көшіру, ауру көрсеткіштері жоғары сыныптарда оқушыларды оқшаулау;
  • «Таңғы сүзгі» жүргізіп, ауру белгілері бар балалар мен педагогтарды сабаққа жібермеу.

Бұл шаралар эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қолданылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button