Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шенеуніктерді қорғау ма?: Министр енді адамдарды рұқсатсыз видеоға түсіруге болмайтынын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз пранкке немесе жасырын түсіруге тыйым салу ұсынылып жатқанын хабарлады. Министрдің айтуынша, азаматтар мұндай жағдайларға жиі шағымданады. Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, деп жазады qandastar.kz

Балаева мәлімдегендей, мемлекеттік қызметкерлерді немесе өз міндетін атқаратын лауазымды тұлғаларды түсіру қалыпты жағдай, алайда кейбір жеке адамдарға қатысты пранк пен рұқсатсыз видеолар мәселесін реттеу қажет. Жұмыс тобы азаматтар мен журналистердің ұсыныстарын ескеріп, кімді, қашан және қалай түсіруге болатынын белгілейтін нормаларды талқылайды.

Осылайша, әрбір адамға фото немесе видео түсіру үшін оның рұқсатын алу міндетті болады. Министр бұл норманың тек шенеуніктерді қорғауға арналмағанын, жалпы түсіру мәдениетін реттеу мақсатын көздейтінін атап өтті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button