Спорт

«Міне нағыз қазақтың футболы»: Шерхан Қалмұрза құраманың жетістігін билеп тойлады (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп жазады qandastar.kz.

Ойыннан кейін жасөспірімдер бұл жетістікті ерекше атап өтті. Қақпашы Шерхан Қалмұрза бастаған ойыншылар қуанышпен ән шырқап, шешінетін бөлмеде «Ақ сәулем» әнін бірге айтып, әсерлі түрде тойлады.

Әлеуметтік желіде жанкүйерлер мұны жылы қабылдап, пікірлерде дәл осындай рухы биік, намысты ұжым нағыз қазақтың құрамасы болуы керектігін жазып жатты.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы 1-топта өнер көрсетті. Топтың барлық матчтары Нидерландыда өтті. Қазақстандықтар алдымен турнир иелеріне 1:2 есебімен есе жіберді, кейін Ирландияны 1:0 есебімен жеңді және Кипрмен 1:1 есебімен тең түсті.

Осы нәтижелердің арқасында Кирилл Кекердің шәкірттері төрт ұпай жинап, топта екінші орынға табан тіреді. Бірінші орын жиналған тоғыз ұпаймен Нидерланды құрамасына бұйырды. Ирландия турнирді үш ұпаймен, ал Кипр бір ұпаймен аяқтады.

Осылайша, Нидерланды мен Қазақстан құрамалары іріктеудің элиталық кезеңіне өтті. Бұл кезеңде 28 команда сынға түседі, олар жеті топқа бөлінеді. Әр топтың жеңімпазы Еуро-2026 турниріне жолдама алады.

@zhan_sultan05 #сборный #казахстан ♬ оригинальный звук — Жансултан

Ұқсас Мақалалар

Back to top button