ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Жұманғарин екі облыста маңызды өзгеріс болатынын айтты

Үкімет отырысында сөйлеген Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин экономикалық болжамдармен бөлісті. Оның айтуынша, 2028 жылы Павлодар облысы толықтай өзін қаржыландыра алатын деңгейге жетеді, ал Маңғыстау облысы донор аймақ мәртебесін қайта иеленеді, деп жазды qandastar.kz

Министр сонымен бірге өңірлердің алдағы үш жылдағы кірістері бойынша болжамын ұсынды. Жергілікті бюджеттерге түсетін қаржы көлемі:

  • 2026 жылы – 10,7 трлн теңге,
  • 2027 жылы – 12,1 трлн теңге,
  • 2028 жылы – 13,3 трлн теңге болуы мүмкін.

Жұманғариннің айтуынша, өңірлерді дамытуға арналған үш жылдық шығыс көлемі 9,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде:

  • 2026 жылы – 1,8 трлн теңге,
  • 2027 жылы – 3,2 трлн теңге,
  • 2028 жылы – 4,1 трлн теңге бағытталмақ.

Министрдің сөзінше, бұл шаралар нәтижесінде жергілікті бюджеттердің республикалық трансферттерге тәуелділігі қазіргі 50,7%-дан шамамен 33%-ға дейін төмендейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button