Әлеуметтік желіде актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев пен “Ирина Кайратовна” тобының мүшесі Алдияр Жапарханов арасында келіспеушілік туындады, деп жазды qandastar.kz
Алдияр Threads желісінде “Ауру” фильмінің режиссерін белгілеп, “Ауру 2”, “Ауру в Бразилии” фильмдері шығып, айтылмай тұрғанда, қазір айта салайын” деп қалжыңдаған.
Жазбаға Қоянбаев “Арақ ішіп, Көк тумен сахнаға шығу жоғынан» деп қатқыл жауап қатты.
Осыдан кейін желі қолданушылары Алдиярдың қалжыңын орынсыз деп бағалап, пікірлер қалдырды.
“Біреуді әжуа етпес бұрын өздеріңе қараңдар, халық бойкот жасап жіберуі мүмкін”, десе, енді бірі “Жұлдыз болып кеттіңдер ме? Сәл ғана танылсаңдар, адам менсінбейсіңдер ” деп жазды.
Сын күшейген соң Алдияр Жапарханов арнайы жазба жариялап, Нұрлан Қоянбаевтың бұрынғы бастығы болғанын, оны өте қатты сыйлайты туралы парақшасына жазды.
«Нұрекенің қазақ киносына жасаған жұмысын ешкім жоққа шығармайды. Әзілді әзіл ретінде қабылдап, тырнақтың астынан кір іздемеңдер», – деді ол.



