Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанның жаңа жобасын қатаң сынға алды, деп жазады qandastar.kz.
Ол өз пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Мөлдір Мұқанның подкастын толық көріп шықтым, кейін оның түсірген фильмін де тамашаладым. Подкастта өзі атап өткен кемшіліктердің барлығы сол кинодан анық байқалады екен. Ең алдымен көзге ұрғаны – актерлік құрамның әлсіздігі. Бет-жүзі таныс емес, тәжірибесі аз актерлер көп. Әрине, Мөлдірдің жақын таныстары болуы мүмкін, ол жағын білмеймін. Рөлін арқалап шыққан жалғыз адам – Ақерке Арыс. Күлкілі сәттердің бәрін сол сүйреп тұр. Жалпы алғанда, юмор да, сатира да сезілмейді. Блогерлерді жинап алып, кино түсірген сияқты әсер қалдырды. Мұны «миллиард жинайтын фильм» деуге келмейді.
Тағы бір үлкен минус – костюмдер. Мұндай киімдер отандық киноларда осыдан он жыл бұрын болған, қазіргі заманға сай емес. Дубляж да құлаққа жағымсыз естіледі. Әрине, продюсер де, оператор да, режиссер де еңбек еткен, бірақ фильмді бәсекеге қабілетті деу қиын. Әр нәрсенің өз құны бар. Келіспесеңіздер, ол – өздеріңіздің құқығыңыз, бірақ бұл – менің жеке пікірім», – деп жазды ол.
Алайда Бақыт Тұрманның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қолдау таппады. Комментарийлер астында:
«Мөлдірді қызғанып отыр», «Әйелдің қасы – әйел ғой», «Сонша сынайтындай не болды екен?» деген сынды жазбалар қарша борады.
@tursinbek.kabatov7 Тұрсынбек Жайлы Бақыт Тұрман Мөлдір киносы Екінші әйелі #мөлдір #тұрсынбекқабатов #тұрсынбек #қайратәділгерей #бақыттұрман ♬ original sound — Tursinbek Kabatov



