Шоу бизнес

«Мені қабылдамады»: әнші Сәкен Қалымов серілік құрып отбасынан айырылғанына өкінді

Танымал композитор әрі әнші Сәкен Қалымов «Бүгін live» бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты жүрекжарды сырын бөлісті, деп жазады qandastar.kz.

Өнер иесінің айтуынша, жастық шақта серілік қуамын деп отбасынан айырылып қалған, ал бүгінде сол қателіктің салдарынан әйелі мен ұлы оны қабылдай алмай жүр.

«Алдарынан өтейін деп арнайы Астанаға іздеп бардым. Мен жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Астанаға мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын, әрине, бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұғада боламын, бұйырған күні бәрі жақсы болар деген үміттемін. Ұлым анасымен бірге Астанада тұрады», – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button