Жүрсін Ерман айтыскерлердің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz
Ол кейбір талантты жастардың діни ағымдардың ықпалына түскенін атап өтті.
«Оларға баспана берілді, қаржылай көмек көрсетілді. Сол арқылы олар теріс жолға түсті және әлі күнге дейін одан арыла алмай жүрген секілді», – дейді Жүрсін Ерман.
Сондай-ақ, ол Балғынбек, Жандарбек, Сара, Сырым секілді жастардың кейбірі дұрыс жолдан ауытқып кеткенін айтты.
«Басында жүрген дұрыс жолдан адасты», – деп қосты ол.



