Жаңалықтар

Дубайдағы әуе-шоуда үндістандық ұшақ көрсетілім кезде жарылып кетті (ВИДЕО)

Бүгін Дубайда өтіп жатқан халықаралық Dubai Airshow көрмесінде үндістандық HAL Tejas жойғыш ұшағы көрсетілімдік ұшу кезінде апатқа ұшырады, деп жазады qandastar.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ жергілікті уақытпен шамамен 14:10-де (2:10-де) көрермендер алдында маневр жасап жүріп құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, апат болған сәтте әуежай маңында қалың қара түтін көтеріліп, сонымен қатар дабыл сиреналары қосылған. Оқиға Al Maktoum халықаралық әуежайында, Дубайдың екінші әуежайында тіркелген, дәл осы жерде екі жылда бір рет өтетін авиашоу ұйымдастырылып келеді.

Қазіргі таңда пилоттың үлгеріп, арнайы орындықпен ұшақтан шығып кетті ме, жоқ па – әлі анық емес. Сондай-ақ жарақат алғандар жөніндегі мәлімет те нақтылануда. Оқиға орнында құтқару және өрт сөндіру қызметтері жұмыс істеп жатыр.

Апаттан кейін авиашоудың бағдарламасы уақытша тоқтатылып, көрермендер қауіпсіздік мақсатында көрме павильондарына қайтарылды. Шараны ұйымдастырушылар мен жергілікті билік орындары болған жағдайға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

HAL Tejas — Үндістанда жасалған заманауи жеңіл жойғыш ұшақ. Дубайдағы авиашоуға оның қатысуы ұшақтың мүмкіндіктерін халықаралық аренада таныстыру және әлеуетті шетелдік тапсырыс берушілердің назарын аудару мақсатында жоспарланған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button