Басты жаңалықтар

Пашинян: Қазақстан – Армения үшін үлгі

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға жасаған сапары барысында екі ел арасындағы қатынастар жаңа деңгейге көтерілгенін айтты, деп хабарлайды QANDASTAR.

«Қазақстан – Армения үшін өте жақсы үлгі. Қазақ халқына деген құрмет – екіжақты қатынастарды дамытудың негізі», дейді Пашинян.

Оның айтуынша, экономика мен көлік саласында жаңа мүмкіндіктер ашылып, стратегиялық серіктестік кеңейіп келеді.

Сапар аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды:

бейбіт атом саласындағы әріптестік,
құпия ақпаратты қорғау жөніндегі келісім,
2026–2030 жылдарға арналған сауда бойынша жол картасы,
ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы құжат.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button