Жаңалықтар

Қазақ дипломымен Қытай, Жапония мен Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге болады

Қазақ дипломымен Қытай, Жапония мен Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге болады

Мәжіліс Токио конвенциясын ратификациялады. Бұл Қазақстандық дипломдардың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде, соның ішінде Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяда оңай танылуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Конвенцияға сәйкес, егер білім беру бағдарламалары арасында елеулі айырмашылықтар болмаса, мүше мемлекеттер бір-бірінің жоғары білім беру құжаттарын өзара тануға міндеттенеді. Сондай-ақ ұлттық ақпараттық орталықтар құру жоспарланып отыр. Олар жоғары білім беру жүйелері және аккредиттелген университеттер туралы мәліметтермен алмасып, тану рәсімдерін жеңілдетуге көмектеседі.

Токио конвенциясына қатысушы елдер қатарында Ауғанстан, Армения, Австралия, Қытай, Фиджи, Киелі Тақ, Жапония, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Ресей және Түркия бар – барлығы 12 мемлекет.

Сонымен бірге Қазақстан құжатты ратификациялау кезінде бірқатар ескертулер енгізді. Ел «білім берудің дәстүрлі емес үлгілері» бойынша немесе оқу бағдарламасын толық емес аяқтау нәтижесінде берілген құжаттарды танудан бас тарту құқығын сақтап қалды.

Токио конвенциясының қабылдануы академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, қазақстандық түлектердің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық білім беру және кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткізуін айтарлықтай жеңілдетеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button