Назарбаевтың қайын атасы Айдос Есболовтың ұлының қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Қандай бап бойынша күдікке ілінгені әзірге ресми хабарланбаған, деп хабарлайды qandastar.kz
EXPO-2017 ұлттық компаниясындағы қаражаттың жымқырылуына қатысты тергеу кезінде бірқатар фигуранттар мердігерлерден «откат» алуға қатысты айыптауларды Есболовқа бағыттағаны айтылған еді.
Алайда сол кездегі тергеуді жүргізген, Қайрат Қожамжаров басқараған сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі бұл мәліметтерді назардан тыс қалдырған деген пікірлер болған.
Қазір Қожамжаровтың өзі және оның жақын серіктері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілініп жатқан тұста, тергеу органдары Есболовқа қатысты да істі қайта қарауы мүмкін деген болжамдар айтылуда.



