
Блогер Жан Ахмадиевтің айтуынша, «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев пен оның жанында болған бірнеше адамның соққысына қалған. Ахмадиев бұл жөнінде арнайы видео да жариялаған, деп жазды qandastar.kz
Ғалымжанның сөзінше, келіспеушілік кезінде Мұқасан Шахзадаев оған қол жұмсап, нәтижесінде ол түрлі жарақат алып, мұрны мен қолы сынған.
Ахмадиевтің айтуынша, жас әнші қазір істің әділ қаралмай қалуынан және Шахзадаевтың жауапкершіліктен құтылып кетуінен алаңдап отыр.



