Жаңалықтар

«Рахмет сізге, ұнады бізге»: Орыс жігіт руын айтып, желіні жарды

Қазақша таза сөйлейтін орыс азаматы желіде жұрттың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде қазақ тілін еркін меңгерген орыс азаматты — Евгений есімді тұрғын көптің қызығушылығын тудырды. Оның қазақша сөйлеуіне жұбайының ықпалы зор болғаны айтылады. Бұл жағдай еліміздегі мәдениеттердің үйлесімділігін көрсететін жарқын мысал ретінде бағаланып жатыр.

Евгенийдің мемлекеттік тілге деген құрметі мен оны үйренуге деген талпынысы қазақстандық патриотизмнің айқын көрінісі ретінде қабылдануда.

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған жүйелі саясаты елдегі татулықты күшейтіп, көпэтносты қоғамның дамуына негіз болып отыр. Мемлекеттік тілге әр азаматтың құрметпен қарап, оны үйренуге ниет білдіруі — ортақ болашағымыздың берік болуының басты алғышарттарының бірі.

Back to top button