ЖаңалықтарМәдениет

Танымал актер отбасына қатысты қызықты оқиғамен бөлісті

Танымал актер Рүстем Жаныаманов YouTube-та жарық көретін «Мамский әңгіме» жобасына қатысып, отбасылық құндылықтар жөнінде өз ойымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz

Бағдарламада өнер иесі бүгінгі әке ретіндегі жауапкершілігі жайында айта келе, үш ұл тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Ол сонымен қатар қыз өсіру де  жүрек түкпіріндегі үлкен арман екенін жасырмады.

«Алла маған үш ұл берді. Бірақ болашақта қыз  көрсем деген тілегім бар. Бір досымның үш қызы бар, ол маған: “Сен әлі әке болудың толық сезімін бастан өткерген жоқсың”, – деп әзілдейді.

Сол сөзден кейін қыз тәрбиелеу қандай болатынын ойлап қоямын.

“Қызым болмаса да, ертең үш келінім болады, олар да – менің қыздарым. Барлығы Алланың қолында», – деді актер.

Рүстем Жаныамановтың осы шынайы пікірлері бағдарлама көрермендерінің көңілінен шығып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button