Әлем жаңалықтарыБілімЖаңалықтар

«Мынау сұмдық қой…»: Ата-аналар баласын мектепке пакетке салып апаруға мәжбүр

Вьетнамның Хуой Ха ауылында мектеп жоқ, сондықтан балалар сабаққа бару үшін көрші На Санг ауылына жаяу жолға шығады. Алайда ол жерге жету үшін кең әрі терең өзеннен өтуге тура келеді. Өзен үстінен өтетін көпір мүлде салынбаған, деп хабарлайды qandastar.kz

Күнделікті тіршілікте ауыл тұрғындары өзенді бамбуктен жасалған шағын сал арқылы кесіп өтеді. Бірақ жаңбырлы маусымда өзен суы күрт көтеріліп, әлгі салды шайып әкетеді. Мұндайда өзен ағыны қатты болғандықтан, балалардың өздері де өтіп кетуден қорқады.

Сондықтан ата-аналар балаларын, олардың киімдері мен оқу құралдарын су тигізбей өткізу үшін амал іздеп, небір тосын жолға жүгінуге мәжбүр. Балаларды үлкен қаптың ішіне салып, өзеннен солай өткізеді.

Мұны көргендер «Мынау сұмдық қой…» деп пікір білдіруде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button