Жаңалықтар

«Мандатты қайтарсын»: Рудныйда депутат көшелердің атауын қазақшалауға қарсы шықты

Рудный қаласында Ивана Франко көшесін – Әлия Молдағұлованың, ал 50 лет Октября көшесін – Достық деп қайта атау туралы қоғамдық тыңдау өтті. Жиналғандардың басым бөлігі ұсынысты қолдағанымен, қарсы пікір айтқандар да болды, деп жазды qandastar.kz

Тыңдау барысында қала тұрғындарының бірі бастаманы қолдаушыларды айыптап, Рудныйдың қалыптасуы кеңестік кезеңмен тікелей байланысты екенін атап өтті. Оның ішінде депутат Валерий Гирфанов та бар.

Оның айтуынша, қаланың іргесін түрлі ұлт өкілдері бірге көтеріп, бүгінде тұрғындар пайдаланып жүрген инфрақұрылым сол жылдары салынған.

«Рудный қаласы кеңестік кезеңнің арқасында пайда болды. Одақтың түкпір-түкпірінен келген көптеген ұлттың өкілдері осында қоныстанып, өз денсаулығын қиып, қаланың дамуына үлес қосты. Бүгінде біз солар тұрғызған ғимараттарда тұрамыз, солар салған қаланың игілігін көріп отырмыз.

Сол кезде адамдарға баспана берілді, өмір сүруге, отбасы құруға, даму­ға мүмкіндік жасалды. Қала қазір де өсіп келеді. Жаңа көшелер мен нысандар салуға ешкім кедергі келтіріп отырған жоқ, қажет болса, соларға қазақша атау қоюға болады», – деді ол.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша ұсыныстар жергілікті билік қарауына жіберілді. Желі қолданушылары оның қызметтен кетуін талап етуде.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button