Шоу бизнес

«Азып кетіпті»: отандық жобада қонақ болған Димаш Құдайберген жұртты алаңдатып қойды

Silkwaystar жобасының финалына қонақ ретінде барған Димаш Құдайберген көрермендерді бір шулатып алды, деп жазады qandastar.kz.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның халық әртісінің суреттері мен видеолары қарқынды тарады.

Конкурстың қызыл кілемінен өткен ол халықпен бірге суретке түсіп, автографтар берді. Әншімен суретке түсу мүмкіндігі бұйырғандар бұл сәттерді желіде бөлісіп жатты.

Сонымен қатар Димаштың қонақ ретінде конкурсты тамашалап, қатысушылардың өнеріне тәнті болып отырған видеолары да жарияланды.

Желі қолданушылары пікірлерде өздерінің ыстық лебіздерін қарша боратты. Сонымен қатар, оның денсаулығына уайымдағандар да болды:

«Мақтанышымыз Дінмұхамед Құдайберген!»

«Біздің ханзадамыз!»

«Маңдайға біткен азамат қой, Димашжан!»

«Біздің қазақтың баласы!»

«Байғұс бала азып қалыпты, Еуропада қанша энергия жоғалтты, оңай ма… Аман жүр әрдайым!».

@ptrkkz ✨ Димаш Құдайберген Silk Way Star финалының кадірлі қонағы 📺 Тікелей эфирді Jibek Joly телеарнасынан тамашалай аласыздар! ✔️ Үздік қатысушыға дауыс беру үшін silkwaystar.org сайтына кіріңіз! #ptrkkz #silkwaystar ♬ оригинальный звук — ТРК ПРЕЗИДЕНТА

Ұқсас Мақалалар

Back to top button