Шымкентте қала орталығында жасөспірімдерге қатысты төтенше жағдай орын алғаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Facebook қолданушысы Шакиржан Махаматалиевтің жазбасына сәйкес, белгісіз төрт адам мектеп оқушыларын таксиден күштеп түсіріп, оларға қару қолдана отырып шабуыл жасаған, деп хабарлайды qandastar.kz
«Оқиға салдарынан балалардың мұрны қатты жарақаттанған, сондай-ақ олар қатты күйзеліске түскен. Мұның бәрі күндіз, қала ортасында болды», – деп жазады ол.
Автордың айтуынша, шабуыл жасағандар мен жәбірленушілер бір-бірін мүлде танымайды, арасында ешқандай жанжал болмаған. «Бұл жағдай одан сайын қорқынышты. Бүгін – кездейсоқ балалар. Ертең кім болуы мүмкін?» – деп алаңдаушылық білдірді ол.



