Жаңалықтар

Әйел өзге қызға лайк басқан күйеуін сотқа берді

Түркияның Жоғарғы соты Кайсери қалалық сотының шешімін күшінде қалдырды. Онда әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне байланысты күйеуі кінәлі деп танылып, ажырасу туралы үкім шығарылған еді, деп хабарлайды qandastar.kz

Әйелдің айтуынша, күйеуі оны қорлап, қаржылай қамтамасыз етпей, басқа әйелдердің суреттеріне лайк басып жүрген.

Сот ер адамның әрекеттері отбасының күйреуіне тікелей себеп болды деп тапты. Нәтижесінде ол бұрынғы жұбайына 500 мың лира (шамамен 6,1 млн теңге) көлемінде өтемақы төлеуге және ай сайын 5 мың лира алимент беруге міндеттелді.

Түрік БАҚ-тары бұл шешім прецеденттік сипатқа ие екенін және болашақта осындай істердің қаралуына ықпал етуі мүмкін екенін атап өтуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button