27 қарашада Қырғызстан астанасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті өтеді. Жиын барысында ұйымдағы төрағалық міндеті Қырғызстаннан Ресейге ресми түрде ауысады, деп жазады qandastar.kz
Ротация тәртібіне сәйкес, Қырғызстан бұл саммитте ҰҚШҰ-ның жаңа Бас хатшысы қызметіне өз кандидатын ұсынуы тиіс. Қазіргі бас хатшы Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері бұл лауазымды атқарып келеді, ал саммит аяқталғаннан кейін өкілеттігі жаңа тағайындалатын тұлғаға беріледі.
Ұйым хатшылығы таратқан мәліметке сай, жиында ұжымдық қауіпсіздік мәселелерін нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттар қаралады. Мемлекет басшылары қабылдауы тиіс Декларацияда геосаяси ахуал мен ұйым жауапкершілік аймағындағы жағдайға талдау жасалып, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ортақ ұстанымдар көрсетіледі.



