Шоу бизнес

«Осы-ақ тырысады да жүреді»: Төреғали Төреәлі сахнада ренжіп, домбырасын шешіп тастады (ВИДЕО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлідің концерт кезіндегі сәтінен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады qandastar.kz.

Домбырасын қолына алып, ән айтуға дайындалған сәтте сахна сыртындағы ұйымдастырушылар оны тоқтатып, әзірге домбырамен ән айта алмайтынын айтады.

Техникалық ақаулар барын сезген әнші ашуланып, себебін сұрайды.

Домбырасын орнына қойып, «Жарайды, айтпай-ақ қояйын» деген Төреғалиға желі қолданушылары түрлі қалжың жазды.

«Осы — ақ тырысады да жүреді»,

«Әлі қоймапты ғой бұл әдетін»,

«Ашуланса, өзін басқара алмайды, сахнада мінезін көрсетіп қояды»,

«Болды, тырысып қалдым, айтпай-ақ қояйын — өлеңде де, ештеңеде де…»,

«Неге олай істеді? Кім бұзды көңіл-күйін?»,

«Шалдармен қырылысып жүріп, үлкен «опыт» жинапты»,

«Өзіне тым көп алады екен», – деп жазды желідегілер.

@armaki_

♬ оригинальный звук — Maki

Ұқсас Мақалалар

Back to top button